- Advertisement -

«Үміт» балалар үйінде кавасаки синдромымен ауырғандар бар деген әңгіме рас па?

117

- Advertisement -

 

Пандемия кезінде көпшілікті алаңдатқан мәселе көптеп туындауда. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына қатысты тұрғындарды толғандырған сұрақ көп. Коронавирус індетін жұқтырып, денсаулығы сыр берсе, кімге, қайда қайырыларын білмей жүргендер әлі де жетерлік. Жұртты толғандырған дәрі-дәрмек мәселесі де өзекті. Қалай десек те, азаматтардың шағым-тілегі ескерусіз қалмауы тиіс. Осыны ескеріп, облыстық  «Aq jol» газеті халықпен кері байланыс орнату мақсатында қауырт желіні іске қосып отыр.

Жамбылдықтардың желіге жолдаған сұрақтарын екшеп-саралап, нақты жауап алу үшін тиісті басқармаға жіберген едік. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев азаматтардың  қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

1-сұрақ: Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда медициналық құрал-жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары жеткілікті ме?

Жауап: Облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Дәл қазір емдеу мекемелерінде 247 өкпені жасанды желдету аппараты мен 482 оттегі концентраторлары бар. Әлі де осындай аппараттардың қосымша 20 данасы қажет.

2-сұрақ: Облыста коронавируспен ауырған балалар бар ма? Олардың денсаулық жағдайы қандай деңгейде?

Жауап: Өңірде қыркүйек айында коронавирустық инфекциясы бар жұқпалы аурулар ауруханасында 15 жастағы 2 жасөспірім емделіп, сауығып шықты. Соңғы 1,5 айда коронавирустық инфекциясы бар балалар инфекциялық стационарға түскен жоқ.

3-сұрақ: Пневмониямен ауырған науқастарды емдейтін оңалту орталығына жолдаманы қалай алуға болады? Онда қандай ем-шаралар жүргізіледі?

Жауап: Облыстық оңалту орталығының ковидтен кейінгі бөлімшесіне коронавирустық  пневмониямен ауырған науқастар қабылданады. Қазір онда жаз (мамыр, мауысым, шілде, тамыз) айларында ауырған науқастар оңалту ем-шараларын алып жатыр. Бұл 3 этапты оңалту орталық саналатындықтан, науқастар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген емхананың жолдамасын алуы тиіс. Келушілердің қосымша тексеру анализдері болғаны дұрыс. Қабылданатын ем шаралар: кинезотерапия белсенді, тыныс алу гимнастикасы, оттегімен емдеу (коктейль, таза оттегі), физиоемдер, сонымен қатар, кардиолог, невропатолог, психолог секілді мамандардың кеңесін алуға да мүмкіндік бар.

4-сұрақ: КВИ-мен ауырған науқастармен жұмыс істейтін арнайы маман бар ма? Неге облыстың бас оңалту маманы немесе бас реабилитологы БАҚ арқылы халыққа нақты ақпарат бермейді?

Жауап:  КВИ-мен ауырған науқастармен жұмыс істейтін арнайы мамандар: инфекционист, пульмонолог, реабилитолог, терапевт. Қосымша эндокринолог, ангиохирург, невропатолог, кардиолог, нефролог және тағы басқа дәрігерлер де жұмылдырылған. Реабилитолог маманы  БАҚ арқылы, нақтырақ айтсақ, «Aq jol»  газеті, «Jambyl», 31 арналарда халыққа қажетті ақпарат берген. Барлық емдеу мекемелері мен емханалардың дәрігерлері де әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беруде.

5-сұрақ: «Үміт» балалар үйінде кавасаки синдромымен ауырған балалар бар деген әңгіме рас па?

Жауап: Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйіндегі» тәрбиеленуші балалардың денсаулық жағдайы туралы мынаны хабарлаймыз: Қазіргі таңда «Үміт» бөбектер үйінде 53 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оның 10-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 32-сі уақытша күтімде, 11-і күндізгі бөлімде. Тәрбиеленуші балалардың барлығына тұмауға қарсы екпе егілген. Ешқандай бала ЖРВИ-мен ауырып жатқан жоқ, жағдайлары жақсы. Барлық балалар дәрігерлердің қатаң қадағалауында.

Редакциядан: Денсаулық сақтау саласына қатысты өзіңізді толғандырған сұрақтар болса, «Aq jol»-дың қауырт желісіне хабарласыңыз. Өзекті сауалдарыңыздың жауабын  газетіміздің екі аптада бір рет шығатын арнайы «Денсаулық» бетінен оқитын боласыздар!

Ендеше, құрметті оқырман, сұрақ сізден, жауап бізден болсын!

Байланыс телефондарымыз: 8(7262) 43-17-07, ватсап желісі: 8 777 667 26 20

P.S: Сауалдар ортақ мәселелерге қатысты әрі дәйекті шағым болмағандықтан сұрақ жолдаушы азаматтардың аты-жөндерін көрсетпедік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support