Баланың бас сүйегін қалпына келтірді

Баланың бас сүйегін қалпына келтірді
ашық дереккөз
Баланың бас сүйегін қалпына келтірді
   width=   Неміс технологиясымен бас сүйегінің орнына титан пластик (жасанды темір) құрылғысын салу арқылы жасалатын операция қаншама қамкөңіл жандарға үміт сыйлады десеңізші! Бұл – медицинадағы ең елеулі жаңалық саналған, бірегей тәсіл екенін әлем мойындаған ота. Ал осы тәсілді еркін меңгерген жамбылдық дәрігерлер 15 жасар жасөспірімнің бас сүйегін қалпына келтірді. Жас жеткіншек бастапқыда басының ауырғанын да байқамай, уақыт создырып алыпты. Кейін аяқ астынан жағдайы нашарлап, күрт әлсірей бастаған. Ата-анасы жедел жәрдем шақырып, оны облыстық көпбейінді балалар ауруханасына әкеледі. Компьютерлік томографиялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның бас сүйегінде бұрыннан ақауы бар екені анықталады. «Ауру батпандап кіреді» дегендей, үздіксіз бас ауруларының әсерінен жасөспірімнің ишемиялық инсульт та алғаны белгілі болды. Дәрігерлер  шұғыл түрде ота жасап, баланың өмірін сақтап қалуға кіріседі. Білікті де білімді нейрохирург Саят Жұмабаевтың басшылығымен балаға неміс технологиясы арқылы оң жақ бас сүйегінің ісіген бөлігі орнына титан пластик (жасанды темір) салынады. Ең алғаш рет Германияда қолданылған титандық пластика – қазіргі ең соңғы хирургиялық жетістіктердің бірі болып есептеледі. Шіріген үш сүйекті алып тастап, орнына сондай үлгідегі ти­таннан жасалған протез салуды 1996 жылдан бері қолдануда. Бүгінде Германияда ондай протездің 25 түрі шы­ғарылады. Германдық протездің бас сүйегін қалпына келтіру оталарында қолданысқа енгізілгеніне де он жылдан асты. Бұл протез темір болғанымен, салмағы 2-ақ микрограмм, өте жұқа әрі нәзік. Титандық пластика­лық операцияның нәтижесінде ми тамырларының  қабынуы, ісіну жағдайлары азаяды.  Оны салу асқан  «зергерлік» жұмыс­ты талап етеді. Қазіргі таңға немістердің 120 мың титан протезін Еуропада операцияларда пайдаланған. Мұндай дерт үшін неміс технологиясы ең соңғы жетістік саналады. Адамның  өмір сүру қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен бірге бастың ішіндегі қабыну, ісіну және жалпы ауру жағдайларының алдын-алатын бұл тәсілдің елімізде қолданылып келе жатқанына көп болған жоқ. Отаны тараздық дәрігерлер алғаш рет жасап отыр. Науқастың отадан кейінгі жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Алайда, жасөспірімнің  денсаулығын ұдайы бақылап отыру үшін дәрігерлер оған тексеріліп тұруды және жылына екі мәрте оңалту орталығына келіп, тұрақты ем қабылдауды ұсынып отыр.   Толқын Өмірбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі.    

Ұқсас жаңалықтар