- Advertisement -

Заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты заңнамадағы өзгерістер

29

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 02 сәуірдегі Заңымен заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізіліп, 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу функциясы әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құзырына өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Заңымен бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізлді.

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңында 14-2 жаңа бабпен толықтырылды.

Аталған бапта, бұрын заңды тұлғалардың тіркеу деректері өзгерген жағдайда тіркеуші органға жүгінуі заңнамалық актілермен нақты айқындалмаған, алайда деректертер қорындағы мәліметтердің өзгеруін қажет ететін, заңды тұлғалардың, басшылары өзгерген, жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген,  экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кездегі тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі айқындалды.

Аталған өзгерістерден кейін, коомерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімдері он күннен бес күнге ауыстырылды.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуге ұсынылатын құрылтай құжаттар саны үш данадан екі данаға өзгертілді.

 

Жамбыл облысы

Әділет департаменті

Тіркеу қызметі саласындағы

Әдістемелік қамтамасыз

ету және бақылау бөлімінің

бас маманы Е. Жұман

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support