- Advertisement -

Ардагерлердің айтары бар

65

- Advertisement -

Камила БОРАШОВА
«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы сәтті жүзеге
асырылып келеді. Жыл басынан бері аталған жоба аясында облыста түрлі бағытта екі
мыңға жуық іс-шара өткізілген. Өңіріміздегі ауған соғысының ардагерлерімен өткен
кездесу де соның жалғасы іспетті.
Егде жастағы азаматтарға мейлінше үйден шықпауы, әлеуметтік арақашықтықты
сақтап жүруі тиіс пандемия кезінде айтары бар ардагерлер «Nur Otan»-ның облыстық
филиалына жайдан жай келмесе керек. Ауған соғысының ардагерлері партияның
облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаевпен кездесіп,
өтініш-тілектерін жеткізді.
– Республика аумағында жарияланған төтенше жағдай, карантиндік режим кезінде
мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасымен «Birgemiz» Қоғамдық қоры құрылып, облыс көлемінде «Birgemiz-Жамбыл
облысы» Қоғамдық қоры арқылы жеті санатқа кіретін 38 916 мұқтаж азаматқа 1 миллиард
945 миллион 800 мың теңге көлемінде көмек көрсеттік. Оның ішінде 1,2,5 кезеңдерде,
яғни сәуір-мамыр, қазан айларында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оған
теңестірілген ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатынан зардап шеккен 600-ден
астам ардагерге 50 000 теңгеден бір реттік жәрдемақы берілді.
Қайырымдылық көмектен басқа, партияның барлық аумақтық филиалдары
партиялық бақылау комиссияларымен бірігіп дәріханалардағы дәрі-дәрмектерге және
бағасына рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Атқарылған жұмыстар аз емес, — деді Балабек
Жаңбекұлы.
Кездесуде ауған соғысының ардагерлері өздерін толғандырған көкейкесті
жайттарды қозғады. Айтылған өтініштер мен сұрақтардың дені – әлеуметтік мәселелер.
сәйкес ұйымдастырып отырмыз. Соған қарай тиісті жергілікті атқарушы орган өкілдерін,
яғни Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі мен тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімдерінің мамандары жауап берді.

Тараз қалалық Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы
Дүкенбай Ермеков көптен шешімін күткен мәселелерді ортаға салды. Еркін форматта
ұйымдастырылған кездесуде келелі әңгіме қозғалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support