- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев Тараздағы мектептердің құрылыс барысын жеке бақылауында ұстауда

32

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап, білім беру нысандарының құрылысымен танысты.

№ 4 орта мектептің жаңа ғимаратының құрылысын мердігер жыл соңына дейін аяқтауды мақсат етіп отыр. Жоспар бойынша нысан ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанында тапсырылуы керек. Жаңа ғимарат 180 оқушыға арналуда. Мектепте қазір 166 бала білім алады десек, бастауыш сынып оқушылары уақытша жақын маңдағы № 33 мектепте оқуда. 1944 жылы іргесі қаланған № 16 Д.Карбышев атындағы орта мектептің бас ғимаратының орнында 348 орындық жаңа ғимарат бой көтеруде.

«Жаңа ғимарат келесі жылы дайын болады. Қараша айының соңында үш корпустың бірінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады», — дейді мектеп директоры Жанна Оңғарбаева. Кезекші сыныптар 2008 жылы салынған қосымша ғимаратта білім алуда. Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияға жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа ғимаратта 12 сынып және екі мультимедиялық кабинет қамтылған. Бір ауысымда 300 оқушысы оқи алатын алады. Мердігер ұйым өз есебінен мектептің негізгі ғимаратының алдыңғы кіреберісі мен қасбетін жөндеп, оған іргелес аумақты асфальттаған.

Бердібек Сапарбаев құрылыс басқармасына мердігерлердің сапалы материалдарды пайдалануын және жергілікті өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды. Аймақ басшысы №2 және №22 мектептердің құрылыс қарқынына көңілі толмады. Облыс әкімі келісімшартта көрсетілген міндеттерін бұзып, кестеден ауытқыған жауапсыз мердігерлердің жұмысын сынға алды.

«Келісімшартқа қол қоймас бұрын, ұсақ-түйекке дейінгі барлық жайтты ойластыру керек едіңіз. Ал енді мардымсыз сылтау айтудың не керегі бар? Ауқымды қаражат бөлінгенімен, оны тиімді игеру ісі көңіл көңшітпейді. Егер биыл осы міндетті ұтымды шеше алмасаңыз, онда келесі жылы сізге мұндай жауапты шаруа сеніп тапсырылмайды», — деп ескертті Бердібек Сапарбаев. Ол құрылыс алаңдарындағы жұмысшылар санын көбейтуді, жыл соңына дейін №22 мектеп ғимаратының қабырғалары мен шатырын тұрғызуды талап етті. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа нысандарға күн сайын барып, тексеріп, кемшіліктерді уақытылы жойып отыруды тапсырды. Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев екінші тоқсанда қосымша тағы да кезекші сыныптарды ашу мәселесін көтерді. «Мектептер балаларды қабылдауға дайын болуы керек», — деді ол білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергеноваға қарата.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support