- Advertisement -

Австралияда 5G-ға қарсы адамдар бірігіп, партия құрды

65

- Advertisement -

Австралия бойынша 5G желісін енгізу және оны орнату идеясына қарсы адамдар бірігіп, партия құрды.

No5G партиясы Австралия сайлау комиссиясына (AEC) тіркелу үшін өтініш берді. Партияның мақсаты 5G желілері мен онымен байланысты технологиялар үшін заңнамалық базаны, ережелерді, саясатты ілгерілету болып табылады.

Партия 5G мұнарасын орнатуға мораторий енгізуді талап етеді: оның адам денсаулығына, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне және жеке мүлікке қаупі жоқ екендігі дәледенгенше.

Фракцияның басым бағыты — талшықты-оптикалық кабельді желіні мейілінше насихаттау.

Партияны тіркеу үшін кем дегенде 550 мүше қажет. Содан кейін олар өз депутаттарын парламентке енгізу үшін федералды сайлауда жеткілікті дауыс жинауы керек.

Жалпы алғанда, Австралияда тоғыз федералды парламенттік фракциялар мен ұлттық деңгейде 40-тан астам парламенттік партиялар бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support