- Advertisement -

Түні бойы көше кезген балаға кім жауапты?

83

- Advertisement -

Ертеңнен қара кешке дейін телефонға, қала берді компьютердің
мониторына қарап телмірген балалар қазір шындап зеріге бастады. Бұрын
қолға көп тие бермейтін смартфонды да басыбүтін меншіктеп алған соң,
оның да «қызығы» қалмағандай көрінетіні анық. Түске дейін мектептегі,
түстен кейінгі қосымша сабақтарға қатысып, өнер, спорт үйірмелеріне
барып, бір күннің қалай өткенін де білмей қалатын жас жеткіншектер не істерін білмей
дал. Бетінен қақпай өсірген еркетотайлар болмаса, бұрын ауыл баласы көп жағдайда
бос селтеңге уақыт та таппайтын. Еңбекқорлыққа тәрбиелеп, үй шаруасына қолғабыс
етуге үйретпеген соң енді қайтсін, топ болып жиналып, көше кезеді. Үй көрмей жүріп бір
келеңсіздікке ұрынбасына кім кепіл?!«Бақпаса бала кетеді» деген сөз рас.
«Бақпаса бала кетеді» деген сөз рас. «Қайда жүрсің, үйге қайт» дейтін жан болмаған соң қайтсін?! «Зып» беріп, көшеге шығып кетеді. Қалаған жерге барады, ойға алғанын орындайды. Топ болып көңіл көтеріп жүріп, бастапқыда қалжыңдасып, кейіннен басынан сөз асырғысы келмей жанжалдасып, соңы төбелеске ұласатын жағдайлар да жоқ емес. Қазір бозбалаларды қойып, бойжеткендер де бір-біріне қол көтеріп, шаш жұлысатын болған. Жақында ғана Ақтөбе облысында орын алған оқушы қыздардың төбелесі көпшіліктің назарын аудартқан еді. Хиджап киген қыздың құрбысына пышақ кезеніп, кешірім сұраудың орнына, «онда тұрған не бар?» деп бетбақтырмай тұрған видеосы әлеуметтік желілерде біраз пікір-талас туғызды. ОҚУШЫ ОНЛАЙН САБАҚТА ОТЫР МА? Ж а м б ы л ж е р і н д е д е жасөспірімдердің жаппай төбелесінің соңы қайғылы жағдаймен аяқталғанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Бұдан басқа да ерегістің соңы есерсоқтықпен аяқталған жайттар аудандарда да, ауылдарда да болған. Мұндай фактілер өткен айда облыс орталығында өткен ата-аналар жиналысында айтылған еді. Сол жолы өңір басшысының өзі әке мен шеше – баланың бас тәрбиешісі екенін қатаң еске салған еді. Содан бері бір ай енді өтті. Дегенмен ата-аналардың күйкі тірліктен қолы тимей жүр ме, кім білсін, онлайн оқитын сабақты ысырып қойып, топ болып, базар жағалап, саябақ пен дүкен аралап жүрген жас жеткіншектер әлі бар. Ауылда кешке жиналып отырыс ұйымдастыратындары да жоқ емес. Балалық аңғалдықтың кесірі – осы, карантин талаптарына қарамастан, ұрланып бас қосып жүргенде түскен суреттерін әлеуметтік желілерге оқушылардың өздері-ақ жүктеп қояды. Әшкере болған әрекетті көріп, тәртіпке шақыратын ата-ана мен мұғалімдер «біз де бала болғанбыз» дейтін шығар, біріне тыйым салса, екіншісі тыйылмай тұр. Қ а р ау с ы з ж ү р г е н с о ң ғ о й , жасөспірімдердің байқаусызда қ ы л м ы с қ а қ ат ы с ы б а р б ол ы п шыға келетіні. Облыстық полиция департаменті берген мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар 79 қылмысқа қатысқан екен. Ресми дерек бұл көрсеткіш 31,3 пайызға төмендеген деп көрсеткенімен, аз болса да «қылмыс» деген атының өзі жаман. Облыстық білім басқармасының мамандары қылмыс жасаған мектеп оқушыларының саны 45-тен 37-ге, яғни 17,7 пайызға, қылмыс жасаған колледж студенттернің саны 64-тен 28-ге, яғни 56,2 пайызға азайғанын айтты. Ал полицияның арнайы есебіне 95 оқушы, 48 колледж студенті ілінген екен. Мектепішілік есептегілерінің саны – 414. – Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселесі білім беру ұйымдарының да ерекше назарында. Осы мақсатта облыстық білім басқармасы жанынан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шт аб құрылып, оның құрамына жергілікті полиция қызметі, білім бөлімдерінің, атааналар комитеттерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де тартылды, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова. Рейд жүргізу, бақылауға алу бір бөлек, ал жасөспірімдердің басбұзарлығын тыю үшін балаларды бос уақытында пайдалы іспен айналысуына ықпал ету керек дейді мамандар. Сондықтан есепте тұрған 95 оқушының 47-ін спорт секцияларына, 6-ауын спорт мектептеріне, 4-еуін қолөнер, 8-ін сурет, үшеуін шығармашылық, тағы бірін көркем-эстетикалық, 2-еуін қоғамдықгуманитарлық бағыттағы үйірмелерге, 12-сін техникалық, біреуін экологиялық, 7 — еу і н п ат р и о т т ы қ б а ғ ы т т а ғ ы үйірмелерге жазғызыпты. Осылайша өнер-білім үйреніп, спортпен айналысуға ынталандырып жатқан көрінеді. Облыстық білім басқармасының мамандарының айтуынша, мектепішілік есепте тұрған 414 оқушының 182- сі спорт секцияларына, 21-і спорт мектептеріне, 16-ы қолөнер, 15-і сурет, 49-ы шығармашылық, 8-і көркемэстетикалық, 6-ауы жаратылыстану бағытындағы үйірмелерге, 35-і қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы үйірмелерге, 16-сы тілдік үйірмелерге, 4-еуі өлкетану, 26-ы техникалық, 5-еуі экологиялық, 32-сі патриоттық бағыттағы үйірмелерге қамтылыпты. ЖАҒЫМСЫЗ ӘДЕТТЕРГЕ ҮЙІР ЖАСӨСПІРІМДЕР Жүргізілген зерттеулер есепке алынған жас жеткіншектердің басым көпшілігі үйден қашып, қаңғыбастыққа салынғандар, тағы біразы түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде жүріп, көзге түскендер, сабақтан қалып, қоғамдық орындарда қайыр тілегендер, арнайы мектептен қайтып келгендіктен, бақылауға а лынғандар екенін анықтап отыр. Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Саясат Есеев қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған, құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды медициналық-әлеуметтік есепке алу жұмыстары тұрақты жүргізілетінін айтады. Сонымен қатар олар үшін жеке профилактика шаралары қабылданып, медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілетін көрінеді. Жалпы жасөспірімдердің жағымсыз әдеттерге үйір болуының себебін психолог мамандар қоғамда жайсыз отбасылардың көбейгендігімен байланыстырады. «Жан жылуын өз жанұясынан ала алмаған бала қолдауды сырттан іздейді. Оң-солын танымай жатып, бөтен пиғылдылардың жетегінде кетіп қалатындығы да, сондықтан. Жеткіншектердің көпшілігі «дедовщина» жүйесін құрып алып, басқаға өз өктемдігін жүргізіп, арзан бедел жинауға ұмтылатын топтарға үйір. Сөйтіп жүріп олар өздерінен кішілерден «жылу» жинап, бірте-бірте жағымсыз әрекеттерге бой үйретіп алғанын байқамай да қалады. Басынан сөз асырмайтын, әлсізге әлімжеттік көрсететін, біреу бірнәрсе десе, жұдырығын ала жүгіретін бұзақыға айналғанын аңғармай да қалады», – дейді Т.Рысқұлов ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің психологі Айжан Мәлібаева. Т ө м е н г і с ы н ы п т а о қ и т ы н жеткіншектердің «үлкендерге» «салық» жинап беруі бұрыннан бар. Бүгінде жігіт ағасы болғандардың өзі «сол кезде неге сөйттік екен» деп балалықпен істеген шалағай тірліктерін күліп еске алып отырғанын естігенбіз талай. Бірақ ол кезде заман басқа. Қазір қоғам қатыгезденіп кеткен. Кейбіреулер мұның себебін ашық-шашық қалған қоғамнан көреді. Ата-ананың дүние табудың соңына түсіп кетіп, тәрбиені ұмыт қалдырды дегенді алға тартатындар да кездеседі. Мамандар жайсыз отбасында өскендердің жадағай көрінісі осы дейді. Қалай айтсақ та, кейінгі толқынға үлгі көрсетер үлкендер болмай тұр. Кейбір ата-ананың бала тәрбиесін уысынан шығарып алғаны да шындық. Өткен айдың есебі бойынша өңірімізде жасөспірімдердің қаңғыбастығы және қайыр-садақа сұрағаны үшін 143 ата-ана жауапкершілікке тартылып, 141 бала бейімдеу орталықтарына орналастырылғаны – соған дәлел. Т а р а з қ а л а л ы қ п о л и ц и я басқармасының мәліметіне сүйенсек, сегіз айда мектеп оқушылары 13 қылмысқа қатысы бары анықталған. Ұрлық жасап, адам тонауға қатысқан. Бұзақылықтан бөлек, төбелесіп, бірбірін жазым ете жаздаған оқиғалар да кездеседі. Бұл біздің білетіндеріміз ғана. Естімегеніміз де баршылық. Әлеуметтік желі деген желден де жүйрік. Қазір анау қиырдағы жағдайды мына жақта отырып-ақ бақылап отыра аласыз. Дәл бүгін «бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деп, ауыл баласының тентектігін бұрынғыдай жасырыпжауып қоя алмайсыз. Нендей оқиға орын алса да, сол мезетте жаһанға жария болады. Сыздаған жараның күндердің бір күнінде жарылатыны секілді бүгінге дейін жабулы қазан күйінде қалған, көпшілік назарын аудартпауға тырысқан түйткілдердің қалқып, су бетіне шыға бастағаны да содан. ТҮЙІН: Тәрбиенің түзуі – жақсы өнеге көрсету. Бала естігенінен гөрі үлкендерден көргенін қайталайды екен. Психолог мамандар ата-аналарға осыны үнемі ескертіп келеді. Әйтсе де, бұған құлақ қойып, қаперге алып жатқандар аз. Атаанасының ортасында уайымсыз отырған ұлқыз бен көшеде, базарда түрлі-түсті шар және тәттілерін саудалаған жеткіншектерді, аудандар мен шағын қалаларда кеш батқанда тойханаларда қызмет істеп, табанынан таусылып табыс тауып жүрген бұғанасы қатпаған бозбаланың танымтүсінігін салыстыруға да келмейді. Қатарынан қалғысы келмеген жеткіншектердің жұмыс істеп, керегін алуға ұмтылғаны да жақсы шығар. Бірақ беймезгіл уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдердің бірнәрсеге ұрынып қалмасына кім кепіл?!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support