- Advertisement -

Қазақстанда тәулігіне 67 мыңнан астам ПТР тестілеу жүргізіледі

38

- Advertisement -

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елімізде ПТР тестілеу әлеуетінің артуы жөнінде айтып берді.

«ПТР тестілеу қуаты тәулігіне 67 248 зерттеуге дейін артты. Жұқпалы ауруханаларда 10 150 төсек-орын ашылды, оның 22%-ында (2 267 орын) науқастар жатыр, оның ішінде 1148 орын реанимациялық бөлімде ашылған (16%-ында науқастар жатыр). КВИ науқастарына стационарлық көмек көрсетуге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында күзгі-қысқы кезеңде жаңадан салынып жатқан модульдік инфекциялық ауруханаларда қосымша 3 355 төсек-орын, оның ішінде 360 реанимациялық орын және басқа стационарларда 38 218 (3768-реанимациялық) қайта бейінделетін болады. Осылайша, инфекциялық төсектер саны 51 723-ке, реанимациялық төсектер саны 5 276-ға дейін артады», — деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Премьердің айтуынша, инфекциялық стационарлар үшін 91 атаудан тұратын дәрілік заттар қоры құрылды, Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында 8,2 млрд теңгеге 60 мың адамды емдеуге жететін ең қажетті дәрілік заттардың екі айлық қоры құрылып жатыр.

«Коронавирус инфекциясын үй жағдайында емдеу үшін 1,5 млрд теңгеге (1 млн адамды қамту жоспары) 5 түрлі дәрі-дәрмек (қызуды төмендететін, антикоагулянттар) сатып алынды. Дәріханаларда тапшылықты болдырмау мақсатында Бірыңғай дистрибьюторға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек сауда желісінде өткізу үшін көтерме сатып алу бойынша өкілеттіктер берілген. Осыған байланысты 10 млн маска, оның ішінде 392 млн теңгеге – 500 мың балалар маскасы сатып алынды, 3,1 млрд теңгеге 33 дәрілік зат алынды. Барлық өңірлерде сұранысқа ие дәрілік заттарды сатып алу үшін 17,7 млрд теңгеге тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды», — деді Премьер-Министр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support