- Advertisement -

Ауыз сумен қамту деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында төмен

53

- Advertisement -

Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында ауыз сумен қамту деңгейі төмен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«2020 жылдың қорытындысында орталықтандырылған суға қол жеткізу деңгейін қалаларда 97,5 пайызға, ауылдарда 87,7 пайызға жеткізу жоспарланған. Аймақтар бойынша жағдай мынадай: 3 өңірде, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқы 100 пайыз орталықтандырылған сумен қамтылған. Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау деңгейі төмен», — деді ол.

Бұл ретте министр жекелеген өңірлер артта қалып отырғанын баса айтты.

«Ауыз сумен қамту деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында төмен. Сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор. Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңмен қамту жөнінде жоспар әзірленді. Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек«, — деді Бейбіт Атамқұлов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support