- Advertisement -

Талас ауданының тұрғынынан қару тәркіленді

69

- Advertisement -

2020 жылдың 14 қазанында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Талас ауданы полиция бөлімінің лицензиялау-рұқсат беру қызметінің қызметкерлері ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобымен бірлесіп, Талас ауданының Ақкөл ауылдық округінің «Тараз-Ақкөл-Тоғызкент» көлік жолында 22 жастағы тұрғынның басқаруындағы «TOYOTA PRADO» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Автокөлік құралын тексеру барысында артқы жолаушылар орындығында оптикалық көздегіші мен патрондары бар аңшылық шолақ мылтық табылды.

Алдын ала тексеру барысында бұл қару Алматы қаласында Алмалы ауданында 2016 жылдан бері қылмыстық іздеу санатында тұрғаны анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚКнің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баллистикалық сараптама тағайындалды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support