- Advertisement -

Коронавирустан жазылғанын қалай білуге болады?

46

- Advertisement -

Оңтүстік астананың дәрігер-инфекционисті Тамара Утаганова Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында адамның коронавирустан жызылғанын қалай білуге болатынын айтып берді.

Оның айтуынша, науқастың инфекциядан айыққанын интоксикация белгілері айтарлықтай азайып немесе толық жойылғанда және дене қызуы қалыпқа түскенде білуге болады.

Сондай-ақ әлсіздіктің, тершеңдіктің азаюы мен дененің сырқырауы және бас ауруының жойылуы да науқастың денсаулығы жақсарғанын білдіреді.

Дегенмен ол әр адамда инфекция әрқалай өтетінін жеткізді.

Маманның айтуынша, вируспен ауырып шыққан адамдарда әлсіздік, тершеңдік сақталып, ұйқысы нашар болуы мүмкін. Кей адамдардың иіс пен дәм сезу қабілеті үш күннен кейін қалпына келсе, кейбіреулерге бір-екі ай уақыт қажет болады. Яғни, бұл әр адам ағзасының ерекшелігіне байланысты.

Алайда, бұл аталған ауру белгілері сақталған адамның өзгелерге қауіп тудыратынын білдірмейді. Керісінше, маман дерті ауру белгілерінсіз өтіп жатқандарға екі апталық карантинге жатуға кеңес берді.

«Қауіпті вирусты қайта жұқтыру қаупі бар ма?», – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Өз кезегінде, Тамара Утаганова қалада ондай жағдай тіркелмегенін атап өтті.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support