- Advertisement -

Сайт арқылы онлайн тапсырыс беріп құрбан шалуға беруге болады

78

- Advertisement -

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.

Бұл жөнінде діни басқарманың ресми сайтында хабарланды. Аталған сайт арқылы Сіз ешқайда бармай, құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында Сіз ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды. Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы — мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа, яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support