- Advertisement -

Денсаулық сақтау министрі өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады

39

- Advertisement -

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болжамға сәйкес 8 487 төсек орын немесе дайындалған жалпы төсек орындарының 20 пайызы – оксигенотерапиямен қамтылуы керек. Қазіргі уақытта барлық өңірде оттегі мен оттегі концентратын шығаратын жергілікті өндірушілер бар. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне жаңадан дайындалған төсек орындарды медициналық оттегімен қамтамасыз етуді сұраймын», — деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой Қазақстан өкпені жасанды желдетудің 4 мыңнан астам аппаратын сатып алған жағдайда ең қиын сценарийдің өзіне дайын болатынын мәлім еткен еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support