- Advertisement -

Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

80

- Advertisement -

28 ақпан – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келген күні. Жамбылдықтар бұл күні ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынын ардақтауды дәстүрге айналдырған. Өңір тұрғындары әдеттегідей биыл да бас қосып, облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы ескерткіш маңына жиналды.
Алғашқы лекте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және өзге де ардагерлер гүл шоқтарын қойды. Келесі кезекте «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев, ақын Қайырбек Асанов, Мәдениет саласының ардагері Әлібек Әмзеев бастаған топ жыр алыбының рухына құрмет көрсетті. Өзге де зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары бұл шарадан шет қалған жоқ.
Жүз жыл жырлаған Жамбыл Жабаевқа деген халықтың құрметі қай кезде де аласармақ емес. Жас ұрпақ ақынның ғажайып мұраларынан үлгі ала беретіні анық. Ұлы тұлғаның атын мақтанышпен алып жүрген өңір жұртшылығы бұл күнді ерекше құрметтейтіні де сондықтан.

Есет Досалы

Тараз қаласы.

Суретті түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support