- Advertisement -

Сауда-сат тық саласының серпіні

37

- Advertisement -

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында сауда кәсіпорындарының, жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылардың сауда айналымы 437037,7 миллион теңгені құраған.
Бөлшек саудадағы тауар айналымының жалпы сомасы (жеке кәсіпкерлерді қоса есептегенде) 241098,2 миллион теңге, яғни 104,6 пайыз көлемінде қалыптасып отыр екен. Жалпы бөлшек сауда тауар айналымындағы шағын кәсіпорындардың үлестік салмағы – 35 (36679,5 миллион теңге), орта кәсіпорындардікі – 33,8 (35395,3 миллион теңге), ірі кәсіпорындардікі – 31,2 (32716,6 миллион теңге) пайызды құрайды.
Биыл жыл басынан бері жеке кәсіпкерлер, оның ішінде базарлардағы сатушылар 136306,8 миллион теңгенің сауда-саттық ісін жүзеге асырғаны тіркелді. Оның ішінде 56,5 пайызы жалпы бөлшек саудадағы тауар айналымына тиесілі.
Бөлшек сауда құрамындағы азық-түлік емес тауар түрлері басымдыққа ие, 62,6 пайызды құрап отыр. Олардың өткерілу көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға көбейген. Ал азық-түлік тауарлары бойынша 0,3 пайызға өсім бар.
Бөлшек сауда бойынша үлестік көрсеткіш Тараз қаласында – 75,1, Қордай ауданында 8,2, Шу ауданында – 4,1, Байзақ ауданында – 3,7 пайызды құрауда.
Көтерме сауданың сомасы 195939,5 миллион теңгені немесе жалпы сауда көлемінде 44,8 пайызды құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға көбейген.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support