Көлік-байланыс қызмет тері көңілдегідей

Көлік-байланыс  қызмет тері көңілдегідей
ашық дереккөз
Көлік-байланыс қызмет тері көңілдегідей
2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында облыс бойынша коммерциялық тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мен кәсіпкерлерді (жеке тұлғаларды) қоса алғанда, автокөлікпен 80806,5 мың тонна жүк тасымалданып, оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға ұлғайған. Атап айтқанда, есепті кезеңде автотранспорттық жүк айналымы (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді қоса есепке алғанда) 2413,4 миллион тонна-километрді құрап отыр. Сараптық бағалау нәтижесіне сайсақ, барлығы 861,7 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл тұрғыдағы көрсеткіш те былтырғыдағыдан 5,5 пайызға өсіпті. Тиісінше жолаушы тасымалы айналымы 6885,4 миллион жолаушы-километрді құраған. Ал байланыс саласы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында пошталық және курьерлік қызметтерден түскен табыс көлемі 760,8 миллион теңге деңгейінде қалыптасып, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,3 пайызға көбейген. Жалпы байланыс қызметтерінен түскен табыс – 5699,1 миллион теңге.

Ұқсас жаңалықтар