- Advertisement -

«Құрал-сайманға толып кетіпті ғой…»

87

- Advertisement -

Мұқағали Мақатаев бір жолы Ақтөбеге барады. Облыстық газетте қызмет істейтін ақын Мұхтар Құрманәлиннің бөлмесіне кірсе, ол кісі жоқ екен де, бір жас қызметкер отырса керек.
– Мұхтар қайда? – деп сұрайды одан Мұқағали.
– Редактор шақырып еді, қазір келіп қалар, отыра тұрыңыз, – дейді жас қызметкер.
Мұқағали үстелді саусақтарымен шерткілеп: «Мұхтар да Мұқа, Мұқағали да Мұқа», – дегенді қайталай береді.
Әлгі жігіт қарап отырмай:
– Мұқаң көп болғанмен, Мұхтар біреу ғой, – дейді.
Мұқағали оған жалт қарайды:
– Дұрыс айтасың, бала, атың кім өзіңнің?
– Құрал.
Осы кезде бөлмеге басқа бір жігіт кіріп келеді. Ол Мұқағалиды танып, қол ұсынып сәлем береді.
– Ал сен кімсің? – деп сұрайды Мұқағали.
– Болат Теміров деген ақын ініңізбін ғой, – дейді жаңа келген жігіт.
Сонда Мұқағали:
– Оу, редакцияларыңа құрал-сайман, темір-терсек толып кетіпті ғой, – деген екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support