- Advertisement -

Тараз көлік парктерінде миллиондаған кірістің жасырылғаны анықталды

69

- Advertisement -

Тараз көлік парктерінде өткізілген хронометраждың барысында миллиондаған кірістің жасырылғаны анықталды. Бұл туралы мәлімет Жамбыл облысының әкімдігінде аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен кезекті аппарат кеңесінде айтылды.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Тынысбековтың хабарлауынша, көлікпен тасымалдаушы кәсіпорындар қызметін талдау барысында жалдамалы қызметкерлер мен көлік құралдары санының айтарлықтай төмендетілуі анықталған.

2014 жылы Тараз қаласының сегіз паркі бойынша кірістердің 2013 жылмен салыстырғанда 54,3 млн. теңгеге төмендеуі фактісі орын алған, деп атап өтті А.Тынысбеков. Бұл ретте мемлекеттік бюджетке төленетін салықтарды көбейтуге септігін тигізетін жалдамалы қызметкерлер мен көліктік құралдардың нақты саны анықталды. Бұл сондай-ақ аймақта көлік тасымалдаушыларының қызметі бойынша салық салынатын қосымша қорлар бар екендігін білдіреді.

Облыс әкімі жолаушылар тасымалы саласында салық заңнамасын бұзып жүрген субъектілерге қатысты тиісті шараларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support