Әлемдегі сауатсыз адамдардың саны белгілі болды
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун планетада 750 млн. сауатсыз ересек адам бар екенін айтты, деп хабарлады ТАСС.
«Әлемде 750 млн-нан астам адам сауатсыз. Олардың үштен екі бөлігі -әйелдер. Мектеп жасындағы шамамен 250 млн. бала сауатсыз болса, 124 млн. бала мен жасөспірім сабаққа қатыспайды», — делінген Пан Ги Мун жолдауында.
Бас хатшы планетаның барлық тұрғынына оқу және жазып үйренуге мүмкіндік беруге шақырды.
Comments are closed.