- Advertisement -

Қытайлық жалған ханшайым адамдарды $380 мың алдағаны үшін 13,5 жылға бостандығынан айырылды

85

- Advertisement -

20150909140130ҚХР Шэньси провинциясы Сиань қаласында өзін Цин әулетінің ханшайымы ретінде таныстырып, адамдарды алдау  арқылы 2,3 млн. юаньды (380 мың доллар) қалтасына басқан әйел 13,5 жылға сотталды.

Бұл туралы «Синьхуа» хабарлады.

Хэнань провинциясының 49 жастағы фермері (тегі Ван) жапа шегушілерге өзін Цин (1644-1911) әулетінің ұрпағы Чанпин ханшайым ретінде таныстырған. 2013 жылдың ақпанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін алаяқ оған сенген адамдардан қарызға ақша алған. Ол жапа шегушілерге бұл қаражатты құны 175 млрд. юаньды құрайтын «жанұясына тиесілі» бағалы заттарды алу үшін шенеуніктерге пара беру үшін алғандығын айтқан.   Сондай-ақ ол қарызға алған ақшасын үш есе артық сомамен қайтаратынына сөз берген.

Оның сыбайласы 47 жастағы Сиань қаласының жұмыссыз тұрғыны 12 жылға бостандығынан айырылды. Тінту кезінде алаяқтардың үйінен жалған алтын құймалар, жалған доллар мен өздері жасаған қазына карталарын тапты. Бұл заттарды олар алданған адамдардың сеніміне кіру үшін көрсеткен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support