- Advertisement -

Ұлтым басқа болса да, жүрегім – қазақ

311

- Advertisement -

Тәуелсіз еліміз Қазақстан – барша қазақстандықтардың құндылығы. Әрбір жас бүгінгі таңда мемлекеттің қамқорлығын берік сезініп отыр деп білемін. Еліміздегі ұлт өкілдерінің достығы, халықтардың бірлігі бәрінен қымбат, бәрінен бағалы. Менің ұлтым басқа болса да, жергілікті ұлт – қазақтардың қамқорлығын көп көрдім. Әлі де жергілікті ұлт өкілдерімен еркін араласып, еңбек етіп келемін. Ұлтым орыс болса да, жүрегім –қазақ. Менде жалғыз Отан бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан!

Мен қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Мемлекеттік тілді өзімнің ана тілімнен еш кем көрмеймін. Екі тілде де тең дәрежеде сөйлеймін. Менің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуімнің себептері көп. Нағашыларым – қазақтар. Нағашы атам– Нариман Сәлімов Диқан ауылында тұрды. Бір қызығы, нағашы апам – Мария Лейхнер неміс ұлтының өкілі еді. Сарыкемер ауылында дүниеге келдім, қазір осында тұрамын. Одан соң балабақшада қазақ тобына бардым. Мектепте де қазақша сөйледім. Бала күнімнен қазақы болмысты, қазақтың мінезін, құндылықтарын бойыма сіңірдім деп айта аламын. Кейіннен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті атанып, қазақша «Көңілді тапқырлар клубына» (КВН) қатыстым.

Бұл күнде Сарыкемердегі Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияда география, биология пәндерінен сабақ беремін. Мектепте әр күніміз көңілді. Жақсы ұстаздар, үлгілі оқушылар көп. Жергілікті ұлт өкілдеріне сабақ беріп, білімдерінің артуына үлес қосып жүргенімді жақсы жетістігім деп бағалаймын. Оқушылардың да білімге деген құлшыныстары, жақсы ұстаздарға деген құрметтері жоғары. Гимназия директоры жас мамандарды үнемі қолдайды. Маған да көп нәрселерді үйретіп, үнемі жол көрсетіп келеді. Өзім күнделікті гимназиядағы ұстаздығымнан бөлек, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысамын. Облыстық деңгейде түрлі іс-шараларды қазақ тілінде жүргізіп, ұлт өкілдерінің достығына тамшыдай үлес қосып жүргеніме қуанамын.

 

Евгений КРАВЧУК,

мұғалім.

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support