- Advertisement -

Сапалы дайындық – нәтиже кепілі

108

- Advertisement -

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы  халққа Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп,  «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсетті.

Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің,  ал оқытушының  шығармашылығымен  ізденісі, жүйелі жұмысының  нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші  ҰБТ  қорытындысынан байқалады.  Жыл сайын мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Әр тестілеу сайын мыңдаған ата-ана мен ұстаз бұл айрықша емтиханның нәтижесі қалай болар екен деп қобалжитыны белгілі. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуде тиісті өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда  ҰБТ электронды форматта ұйымдастырылды.

Сонымен, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Биылғы ҰБТ нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Былтырғы жылғы орташа балл көрсеткіші  62,3 болса, биыл орташа есеппен  77 болып тұр. Әлі де аяқталған жоқ. Күтілетін нәтиже -79-80 орта балл.

Ерекше атап өтетін көрсеткішті #1ЖББМГ оқушысы Әділет Мурсалимов – 133 балл, #17 ЖББМГ оқушысы Марсель Юрьев – 130 балл, #9ЖББМЛ оқушысы  Қаламқас Асқар – 127 балл, #39 ЖББМГ оқушылары Қарлығаш Болат – 126 балл, Дина Токтагул – 125 балл жинап, үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар 47 түлек  Алтын белгіге үміткер болып 100 пайыз өз білімдерін көрсете алды.

 

Меркі ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support