- Advertisement -

Парадан бас тартқанға сыйақы берілетіні рас па?

31

- Advertisement -

Газеттен оқып, теледидардан естіп жатырмыз, қазір кімде-кім парадан бас тартса, сол азаматқа пара көлемінің 10 проценті сыйақы ретінде беріледі екен. Сол ақпарат рас па?
Кәрімжан Жайлаубеков,
Жамбыл ауданы,
Шайдана ауылының тұрғыны.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және агенттік жанынан құрылған «Antikorr» орталығының бастамасы ретінде бұл тәжірибе сәтті жүзеге асуда. Онымен айналысатын институт жұмыс істеуде. Әзірге бастама заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан сыйақы айлық көрсеткіштің белгілі бір пайызы көлемінде төленуде.
Өткен жылы облыс бойынша 25 азамат 3,5 миллион теңге көлемінде осындай сыйақыға қол жеткізді. Соның ішінде жол полициясының қызметкерлері 3 ақпарат беріп, олар да жемқорлыққа қарсы күресуге ниет танытып отыр.

Равиль Төлебаев,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support