- Advertisement -

КӘСІПКЕРЛЕРДІ МАЗАЛАҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

Облыстық әкімдікте

56

- Advertisement -

Кәсіпкерлік қанат жайса, екі қолға бір жұмыс табылады және мемлекет қазынасына салықтан қаржы құйылады. Елдің еңсесі көтеріліп, жағдайы жақсарады. Сондықтан да Елбасы шағын және орта бизнеске барынша қолдау мен көмек көрсетуді үнемі назарға алып келді. Мемлекет басшысы да кәсіпкерлікті өркендетуді Президент болып сайланысымен қолға алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеше халыққа есеп беріп, тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Облыстық әкімдікте кәсіпкерлермен кездесуге уақыт тапты.Кездесуді Бердібек Мәшбекұлы ашып, кәсіпкерлердің ел экономикасын дамытудағы еңбектерін атап өтті. Ол, сондай-ақ, Елбасы-Тұңғыш Президентіміздің кәсіпкерлерге көрсеткен нақты қамқорлығының нәтижесінде бұл салада жеткен жетістіктерді, бизнесті өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында іргелі компаниялармен бірге шағын және орта бизнестің де қанат жайғанына тоқталды. Президент тарапынан да нақты көмек жасалып жатқанын еске салып, кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялағанын сөз етті. Облыста жүзеге асып жатқан жобаларды еске салды. Алда тұрған мақсат – кәсіпкерлікті одан әрі дамытып, инвестиция тарту екеніне тоқтала келе, облыс әкімдігі тарапынан қосымша көмек көрсетілетінін де хабардар етті.
Облыстың халықаралық жол бойында орналасқанын, аумағынан темір жол өтетін әрі әуе қатынасы дамыған әлеуеті үлкен екеніне назар аударған Бердібек Мәшбекұлы кәсіпкерлікті бұдан да өркендетудің мүмкіндігі зор екенін айтты. Қазба байлықты игеру, Қырғызстанмен арадағы контрабандаға тосқауыл қою, сүреңсіз күйге түскен базарды ретке келтіру сынды мәселелер де облыс әкімін бейжай қалдырмады.

«Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, өңірлік кəсіпкерлер палатасының төрағасы Мұқаш Ескендіров кездесуге келген кəсіпкерлерді таныстырып, алғашқы сөзді «Көкжиек-2030» ЖШС-ның директоры Əбдіғали Бегімбетовке берді . Ол былтыр облыстық жергілікті атқарушы органдары 60 конкурс пен аукцион өткізіп, 1085 жер учаскесі берілгенін а йтты . Же р у часкесін беруде ашықтық жоқтығына қынжылған кəсіпкер, тіпті тендерлер мен аукциондар т уралы кəсіпкерлерге хабарламайтынын жеткізді. Жобалық-сметалық құжаттар шығынын төмендету туралы да ұсынысын айтты. Ал «Атамұра» білім беру о рталығының басшысы Гүлнара Даулетбаева болса қысқа мерзімде оқытылатын көптеген мамандықтар нарықта шектеул і немесе жұмыс берушілердің талаптарына сəйкес келмейтініне назар аударды. Бал шаруашылығымен айналысатын «Альфа» шаруа қожалығының жетекшісі Бахром Нұралиев бизнесін ұлғайтуға лизингтік несие қарастыруды өтініп, «мектепке дейінгі мекемелердіңт амақт ануына ба л өнімін қосуды, колледждерде бал шаруашылығымен айналысатын мамандар даярланса» деген ұсынысын жеткізді. Жуалы ауданындағы «Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев сапалы тұқымның жетіспеушілігінен картоптың өнімділігі төмендеп кеткенін, «Тараз» ƏКК АҚ арқылы несиеге Қарағанды жəне Павлодар облыстарынан 3,5 мың тонна сапалы тұқым жеткізіп беруге ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар Меркі ауданындағы «Ақ бидай-2» шаруа қожалығының жетекшісі Нариман Қалқабаев, «Данадель» жеке кəсіпкерлігі тігін цехының директоры Бақыткүл Тоқтыбаева жəне тағы да басқа кəсіпкерлер сөз алып, ұсыныстарын жеткізді, толғандырған мəселелерге тоқталды. Кездесуді қорытындылаған облыс əкімі сөз алған əрбір кəсіп кердіңұсынысына ,өтінішіненақты жауап қайт арып, мүмкіндігінше көмек-қолдау көрсетілетінін айтып, орынбасары Нұржан Календеровпен тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Мұндай кездесу тоқсанына бір рет өткізіліп тұратын болды. Жеке кəсібін дөңгелетіп жүрген кейбір азаматтар нарықтық қатынастың өтпелі кезеңі – тоқсаныншы жылдардағы сұрақтар қойғанын да айтқан Бердібек Мəшбекұлы сұрағына жауап бере алмай мүдірген өңірлік кəсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауовқа да ренішін жасыра алмады.

 

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support