- Advertisement -

Ғайни ақын – «Алаш» сыйлығының лауреаты

12

- Advertisement -

Алматыдан алаулап жеткен сүйінші хабарға сүйсініп отырмыз. Жерлесіміз, ақын Ғайни Әлімбекқызы әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Бұл айтулы сыйлық биыл 108 үміткердің ішінде 20 қаламгерге ғана берілген.

Ғайни Әлімбекқызы – елімізге танымал ақын. Оның қаламынан туған «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген», «Жыр – айна», «Қарлығаштар мекені», «Сен берген гүл» атты жыр жинақтарын оқырман қауым жылы қабылдап, жоғары бағалаған. Ол әулиеаталық жұртшылыққа облыстық «Jambуl» телеарнасында «Айна», «Айша бибі» авторлық бағдарламалары арқылы кеңінен танымал. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, еліміз бойынша таңдалған «100 қайраткер әйел» атты анықтамалық- энциклопедиясына енген. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Ғайни Әлімбекқызы – нағыз патриот, отаншыл ақын. Аяулы ақынды халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атануымен құттықтап, отбасына жақсылық тілеп: «Жазар көбейсін!» деп ізгі тілек айтамыз!

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support