Жер берші
– 10 сотық жер берші.
– Оны не қыласың?
– Үй салайын деп едім.
– Жоқ жер,
Кете бер,
Керек болса сатып ал.
Болмаса былай ет,
Сөзге құлақ бұра ғой,
Кезекке тұра ғой.
– Тұрмын,
10 жыл болды әлі
Жер ала алмай қаңғырып жүрмін.
Ол кезде 40-та едім,
Енді 50-ге келемін
Әлі келер емес кезегім.
Бұл түріммен жерге жете алмай өлермін.
– Ой, сол да сөз боп па?
Бәрі кезегімен келеді,
Саған да жер береді.
– Со кезектің жылжитын түрі жоқ,
Тұрмыз сол әлі мыңыншының бірі боп.
– Әрине, сен сияқтылар көп.
Ауылда тыныш жата бермей
Нең бар қалаға кеп?
– Жата берер едім.
Ол жақта жерді,
Шамасы барлар иеленді.
Мен секілді қарапайымдар күйе берді.
– Ой, сен соны да сөз қып.
Балаларың бар ма?
– Бар ғой, бар.
7 бала туды Құдай қосқан жар,
Өзі «Алтын алқа» иесі.
– Болды жетер.
Жердің де бар киесі.
* * *
Жер ала алмай Төпеннің,
Көңілі түсіп, қор болды.
Есесіне көкемнің,
Жер көлемі мол болды.
Бақытжан Советұлы,
ақын.
Тараз қаласы.
Comments are closed.