- Advertisement -

«Өзімізше бір алайықшы…»

38

- Advertisement -

Аязбек деген сөзшең, тапқыр кісі Көшек батыр ауылының тұрғыны болған екен. Көзінде ақауы бар, зағип кісі көрінеді. Өзі ауылда кішігірім қызмет істесе керек. Бір жолы облыс пен ауданнан комиссия қатар келіп қалады. Ауыл жақсылары жабылып келген өкілдерді күтіп жатыр дейді. Аяғының ұшымен басып, жүгіріп жүрген адамдар.
Содан әлгілер қайтатын кез жақындапты. Өкілдер кететін сыңай білдіріпті. Сонда Аязбек оларға: «Қане, үшеуміз өзімізше бір алып жіберейікші» деп, үшеуі бірге тост көтеріпті. Сыртқа шыққан соң, бір қалтарыста ауданның өкілі: «Аға, Аязбектің сөзінен нені байқадыңыз?» – депті облыстан келген өкілге сыбырлап. Үлкен өкіл: «Қайдам, ақкөңіл жігіт екен. Жаны қалмай күтіп жатыр ғой» – депті. Сонда аудандағы: «Өзімізше…» деп бізді қатырды ғой», – депті. Облыстан келген кісінің көзі қыли, аудандағы өкілдің көзіне ақ түскен екен. Аязбектің өзінің де зағиптығы бар.
Айтқыштың астарлы шымшымасын кеш түсінген облыстан келген өкіл: «Мұндай сөзді де тапқыр адам айтады» деп, Аязбекті қызметінде қалдырыпты.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support