- Advertisement -

«Телефонын орыс келіншекке беріп қойыпты»

120

- Advertisement -

Мойынқұм ауылында тұратын Боранкүл Сатова деген жеңгеміз аңғал, сенгіш, ойында арамдығы жоқ кісі еді. Бірде ол кісі жамбасы сынып, Тараздағы ауруханалардың біріне түседі. Жеңгейге ота жасалады. Бір-екі күннен соң Саламат көкеміз кемпірінің артынан баратын болады. Көкемде де, жеңгемде де ұялы телефон бар екен. Көкеміз кешігеді. Оған шыдамаған Боранкүл жеңешем шалының ұялы телефонына қоңырау шалады. Сол-сол екен арғы жақтан орысша сөйлеген әйелдің дауысы естіледі. Сонда жеңгей телефонын қоя салып, «Мынау, орыс келіншекке телефонын беріп қойыпты ғой», – деп өкпелеп қалыпты. Артынша бір баласы жағдай сұрап барған екен.
– Менің жағдайымды қайтесіңдер? Анау әкелеріңді түзеңдер. Осы жасқа келгенде менің жоғымды пайдаланып, орыс келіншекпен сөйлесіп жүр, – деп «бомбыдай» жарылыпты. Баласы қоңырау шалса, әкесінің телефоны өшірулі екен, арғы жақтан: «Бұл нөмір уақытша сөндірулі, кейінірек хабарласыңыз» деп оператор орыс келіншек хабарлайды.
Мән-жайды сонда түсінген баласы:
– Апа, «шалыңыздың» телефоны сөніп тұр. Оператор орысшалап соны хабарлаған екен, – деп түсіндіріпті. Сонда Боранкүл жеңгеміз:
– Қайдан білейін, әдірем қалғыр, ондайын қазақша айтпай ма? Шалымыз екеуміз ажырасып кете жаздадық қой, – деген екен.

Асылхан ШҮҢІРЕКОВ.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support