НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Назарбаев Университетінің» қазіргі даму барысы және жоғары оқу орнының түлектеріне бесінші рет диплом тасыру рәсіміне дайындық жұмыстары туралы мәлімделді.
— Бізде халықаралық деңгейдегі университет болады дегенге көбісі сенбеп еді. Міне, көп жылдан бері осындай университеттің ректорысыз. Жоғары оқу орнының зияткерлік әлеуеті — оқу орнының деңгейін көтеріп жатқан ғалымдар бар. «Назарбаев Университеті» Қазақстанның брендіне айналды, — деді Елбасы.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.
Comments are closed.