- Advertisement -

Әлі жеңілмеген «Qazaq» Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күн қалды

23

- Advertisement -

Биыл наурызда Қанат Исламның АҚШ-та жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.

Сурет : egemen.kz30 Сәуір 2019, 17:20

Жеңіліс дәмін татпаған боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO NABO чемпиондық белбеулерінің бұрынғы иегері Instagram парақшасында: «Қанат пен QAZAQ PROMOTIONS-тің ынтымақтастығы және алдағы болатын жекпе-жегi туралы ақпарат көп ұзамай жарияланады!» деп жазды.

Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмін татпаған «Qazaq» лақап атымен танымал боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын.

Кездесудің 9 раундында қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондық белбеуін иемденген болатын.

Өткен жылы 23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайда жарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан.

Сондай-ақ биыл наурыз айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support