Наурызда инфляция 0,5%-ды құрады – Ұлттық банк

Наурызда инфляция 0,5%-ды құрады – Ұлттық банк
ашық дереккөз
Наурызда инфляция 0,5%-ды құрады – Ұлттық банк

Ал жыл басынан бері инфляция 1,3%-ға жетті.

Сурет : zakon.kz30 Сәуір 2019, 17:12
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылдың наурызында инфляция 0,5 пайызды құрады (2018 жылдың наурызында да 0,5% болған еді). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан бері инфляция 1,3% (2018 жылғы қаңтар-наурызда – 1,8%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,4%-ға төмендеді. Жылдық инфляция 4,8% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 6,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,0%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2%-ға дейін баяулады.
2019 жылғы наурызда халықтың инфляциялық күтулері нақты инфляцияның баяулауы аясында төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 4,5% болды.

zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар