- Advertisement -

«Шырқа, даусым!»

46

- Advertisement -

Кеше «Баласағұн» орталық концерт залында ән мен жырдың кені атанған Кенен Әзірбаевтың шығармашылығына арналған «Шырқа, даусым!» атты Х республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Өнер додасы Кенен Әзірбаевтың ұрпақтары, сонымен қатар облыстық мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Дүйсенбек Өмірәлиев, әнші, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлының қатысуымен өткен баспасөз конференциясымен басталды. Тілшілермен кездесу барысында Бақытжан Кененұлы мен Төрткен Кененқызы Алатаудың ақиығы атанған, ұлттық өнердің дарабозы Кенен Әзірбаев шығармаларын насихаттаудағы атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын жеткізді. Ұлт мұрасының бірі – Кенен шығармалары ұлықталған ән сайысына еліміздің әр қиырынан және көршілес Қытай, Өзбекстан елдерінен 33 үміткер қатысты. Олардың біразы екінші кезеңге өтті.

Толығырақ газетіміздің келесі санындағы мақаладан оқисыздар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support