- Advertisement -

Геннадий Головкин бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатты 

26

- Advertisement -

© Twiiter Геннадия Головкина

Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым… Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер… Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді», — деп жазды Головкин.

Vesti.kz ақпараты бойынша, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері бірге жұміс істейді. Осы бапкердің басшылығымен Головкиннің соңғы жұдырықтасуы 2018 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жек болған.

Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support