- Advertisement -

Үздік әншілер «Талас толқындары» фестивалінде өнер көрсетеді

43

- Advertisement -

Облыс әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйытқы болуымен облыстық «Жаңарған Жамбылым» атты эстрадалық әншілер байқауы өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған әншілер додасында жергілікті композиторлардың шығармаларын насихаттау назардан тыс қалған жоқ.
Бұл байқауға қатысушылар өздерінің зор мүмкіндіктерін көрсетуге барынша күш салды. Әсем әндер әуелеген эстрадалық әншілердің аламанына Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Әріпбай Мұсапанов, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Асхат Тажаяқов, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Нәзима Үсенова төрелік етті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған конкурстың қорытындысы бойынша байзақтық Жасұзақ Дулат бас жүлдені (300 мың теңге) иеленсе, меркілік Сұлтан Әуелбеков пен Бауыржан Бегалы бірінші орынды (200 мың теңге), тараздық Берік Жорабек пен жамбылдық Жанболат Таласбай екінші орынды (150 мың теңге), құландық Қарлығаш Ерболқызы мен меркілік Асыл Жомартов үшінші орынды (100 мың теңге) иеленді. Сондай-ақ дипломанттар 50 мың теңгелік қаржылай сыйлыққа ие болды. 21 өнерпазға Алғыс хаттар тапсырылып, 20 мың теңге қаржылай сыйлық берілді. Бұл өнер додасында үздік өнер көрсеткендер қыркүйек айында өтетін «Талас толқындары» фестивалінде бақ сынамақ.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support