- Advertisement -

Кәсіпкер әйелдер сайлаудан тыс қалмайды

101

- Advertisement -

Өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығы көптеген істің бастамашысы болып жүргенін білеміз. Олар қашанда тың идеяларымен әлеуметтің әлеуетін көтеруге атсалысып, белсенділік танытуда. Алғашында әйелдерді бизнеске, кәсіпкерлікке тартып, одан кейінгі жылдары олардың саяси белсенділігін арттыруда да көптеген жұмыс жүргізіп келеді. Ұйым қоғамдағы белсенділігімен осылайша ерекшеленуде десек, артық айтқандық емес.
Ел өміріндегі саяси оқиғалардан шет қалмай, қоғамдағы ортақ мәселелерге үн қосқан облыстық іскер әйелдер қауымдастығы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде алдағы саяси науқанға байланысты еркін форматта дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. Басқосуға ел болашағына бейжай қарамайтын әр саладағы белсенді нәзік жандылар елдегі болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты өз ойларын ашық айтты.
– Кемеңгер басшы – кемел келешектің кепілі. Бәрінен биік халық өз көшбасшысын сайлап, жаңа белеске бірлікпен қадам басады. Ең бастысы – ел ішіндегі тыныштық пен бейбітшіліктің тұрақтылығы, тәуелсіздік тұғырының берік болуы маңызды. Үндеуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сайлаудың демократиялық принциптерге сүйене отырып ұйымдастырылатынын және әділ өтетінін мәлімдеді. Сондықтан ел тағдырын сеніп тапсыратын Президентті таңдайтын алдағы сайлауда барынша белсенді болып, азаматтық ұстанымымызды білдіреміз деген ойдамын, – дейді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, денсаулық сақтау саласының ардагері Тұрсынкүл Әшірбаева кезектен тыс өтетін президенттік сайлауға байланысты ой-пікірін айтып.

Камила БОРАШОВА

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support