- Advertisement -

Ұлттық салт-дәстүр –ұл-қызымызға аманат

121

- Advertisement -

Ұрпақ тәрбиесіне келгенде ұлттық құндылықтарды ұмыт қалдырмауға тиіспіз. Халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, тарихи сананы қалыптастыруымыз керек. Ұлы Дала елінің өткенін дәріптеу, біріншіден – ұлт мұратын ұрпаққа жеткізу болса, екіншіден патриоттық тәрбиеге негіз болары анық. Осыны ескерген облыстық білім басқармасы Меркі аудандық «Үміт» оқушылар сарайында өңірлік музей педагогикасы аймақтық байқауын өткізді.

Мектеп туризмін қалыптастыруды көздейтін шара өлкетануға құштар жас ізденушілер мен экскурсия жетекшілері, педагогтер, мұражай қызметкерлері арасында шығармашылық байланыс орнықтырғандай. Бұл бастама музейлердің мәдени және білім беру әлеуетіне қоғамның назарын аударғанын айта кеткен жөн. Осылайша, білім басқармасы қазіргі заманғы білім беру және дамыту технологияларына негізделген балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, музей педагогикасы арқылы жас гидтерді тәрбиелеуді қолға алмақ.
Үздік гидтер байқауында 10 слайд негізінде дайындалған «Айша бибі ескерткіші» тақырыбындағы экскурцияны орыс және қазақ тілінде екі оқушы таныстырды. Бұл зерттеу жұмысқа «Жас зерттеуші» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы М.Мамырханова жетекшілік еткен еді. Конкурста «Асыл мұра» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі А.Утебаева ұлттық ойыншықтар мен скрапбукингтер көрмесін ұйымдастырды. Бір атап өтетіні, байқауға өз ауылының, бір көшенің тарихын зерттеп, эссе жазып келген талантты оқушылар да өз еңбектерін ұсынған екен. Олардың зерттеу жұмыстары ұлттық құндылықтарды арқау еткені қуантты.
Ұлт мұраты – өсіп келе жатқан ұл-қызымызға аманат. Ата-бабамыздың еркін ел болсақ, керегеміз кең, айналамыздағылармен тереземіз тең болса деген арман-тілегін жастарға жеткізу – алдыңғы толқынның міндеті. Ұлттық құндылықтарды дәл осылай өскелең ұрпаққа дәріптеу – аға буынның парызы.

Зәуре БЕЙСЕНБАЕВА,
«Үміт» оқушылар
сарайының директоры.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support