- Advertisement -

Сыр өңірінен серпіліп қайт ты

39

- Advertisement -

Оңтүстік аймақтың медицина саласында еңбек етіп жүрген жастары Сыр өңірінде өткен форумда бас қосты. Кездесудің арқауы болған мәселе – «Мәңгілік Ел – салауатты ұрпақ» тақырыбы.
Форумға Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 150 жас делегат қатысты. Жиында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, цифрлық технология және медицинаға ақпараттық жүйенің енгізілу барысы талқыланды. Жас кадрлардың өңіраралық және шетелдік тәжірибе алмасуы туралы да сөз қозғалды. Бұл шараны ұйымдастыруға мұрындық болып, қаржылай қолдау көрсеткен басты демеуші – «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы.
Осы форумда Байзақ аудандық орталық ауруханасының хирургі Жансерік Сарманбек Қазақстан кәсіподақ федерациясының, Шу аудандық орталық ауруханасының психиатр-наркологі Мақсат Мәткәрімов және облыстық онкологиялық диспансерінің заңгері Серік Жүсіпәлиев «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал «Садыхан» облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығының провизоры Қанат Көшкімбай мен облыстық аурухананың терапевті Құралай Ақылбайқызы Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Марапатқа ие болғандар арасында №1 Тараз қалалық балалар ауруханасының эпидемиологі Жамбыл Ақшалов және облыстық балалар жұқпалы ауруханасының эпидемиолгі Бекболат Кеңесбаев та бар.
Аталған іс-шарада облысымыздың 4 жас маманы 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай сертификаттарға ие болғанын атап өткен жөн. Қордай аудандық орталық ауруханасының маманы Нұрсұлтан Қарағойлиев, Талас аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологі Құралбек Ділдәбеков, Жуалыдан барған Дастан Нарбаев, Байзақ аудандық орталық ауруханасының хирургі Жансая Дамиеваның қол жеткізген осы жетістіктері әрі қарай жұмыстарына серпін берері сөзсіз. Адал еңбектің жемісі әрқашан да тәтті екені анық.
Сондай-ақ осы шарада Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ғабит Исабеков және «Садыхан» облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығының провизоры Қанат Көшкімбай Қазақстан кәсіподақ федерациясының бағалы сыйлықтарына ие болды. Форум соңы мәдени іс-шараларға ұласып, «Біз талантты жастарды қолдаймыз» атты өнер байқауында облыс командасы үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ал бильярдтан өткен жарыста өңір жастары чемпион атанды.

Ерлан САТЫБАЛДИЕВ,
«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support