- Advertisement -

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету туралы

47

- Advertisement -

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрін алу үшін қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (әрі қарай- қызметті беруші) келесі құжаттармен қоса өтініш білдіреді:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушіге, сондай-ақ отбасы мүшелерінің әрқайсысына (бар болса) 3×4 сантиметр екі фотосурет;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ӨМ бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттерді қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік қызмет түрін көрсету мерзімі қызмет берушінің кеңсесі тіркегеннен бастап 5 жұмыс күнді құрайды.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Халықтың көші-қоны туралы № 477-IV Заңының («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 147-VІ Заңы) 21-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.
Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Елбасының 2019 жылғы 16 наурыздағы №20-173қ-8 тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №21-6-12/871-И хаты негізінде 1991 жылдан бастап мерзімдері өтіп кеткен оралман куәліктердің мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылуда. Бұл іс-шара этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыс аумағында 99 отбасыдан тұратын 181 адамға оралман мәртебесі және куәлігі берілді.
Келгендер республика бойынша келесідей:
— Қытай Халық Республикасы – 3 отбасы, 7 адам,
— Түрікменстан Республикасы – 3 отбасы, 17 адам,
— Өзбекстан Республикасы – 88 отбасы, 152 адам,
— Тәжікстан — 1 отбасы, 1 адам,
— Қырғызстан- 4 отбасы, 4 адам.

Аудан бөлігінде келесідей:
— Тараз қаласы – 30 отбасы, 64 адам;
— Байзақ ауданы – 21 отбасы, 24 адам;
— Жамбыл ауданы – 4 отбасы, 7 адам;
— Жуалы ауданы – 3 отбасы, 3 адам;
— Қордай ауданы – 23 отбасы, 52 адам;
— Меркі ауданы – 6 отбасы, 10 адам;
— Талас ауданы – 11 отбасы, 20 адам;
— Шу ауданы – 1 отбасы, 1 адам.

А.Әлімбекова,
облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының бөлім басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support