- Advertisement -

Бала қуанышынан асқан бақыт жоқ

131

- Advertisement -

Қамқорлыққа зәру жандарға жанашыр болу, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – әркімнің азаматтық парызы. Өзіңде бармен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым кісіге қолұшын беру – жомарттықтың да белгісі. Ондай іс тек иманды жандардың ғана қолынан келері анық. Қашанда алған қолдан берген қол артық әрі қайырлы болары анық қой. Осыны ескерген «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі Тараз қаласының «Grand Royal» мейрамханасында жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге, отбасылық жағдайы төмен, жартылай жетім балаларға арналған «Қайырымдылық жасау – ізгі қасиет» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Давришев қайырымдылық шарасын өткізудегі басты мақсат жандары жабырқап, еңселері түсіп жүрген балғындарға қуаныш сыйлау болғанын айтады. «Әрине, біздің бұл көмегіміз жетім балалардың ата-анасының орнын толтыра алмайды, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің денсаулығын түзей алмайды, тек уайымдарын тек бір сәтке ғана ұмыттырар, – дей келе, Махмуджон Мирадинұлы осынау игі істің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.
Аталмыш іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» мекеменің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, №6 «Өмірі қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығы, №14, №22, №36 жалпы білім беретін мектептер, №42 №43 №48 отбасы үлгісінде тәрбиелейтін арнайы мектеп оқушылары мен ұстаздары, тәрбиешілері, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқаратын мекеме қызметкерлері қатысты.
– Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі. Өңірлік «Ахыска» түрік этнобірлестігінің басшысына және ұжымына көп рахмет айтамыз. Жақсы іске жанашыр, ақ тілеулі осындай Махмуджон Мирадинұлы сияқты азаматтар аман болсын! – деді №48 орта мектептің директоры Айжан Әбдешова.
Аталған шарада мектеп оқушыларына қайырымдылық түскі ас беріліп, мерекелік концерт көрсетілді. Қызықты ойындар ойнатылып, тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар тарту етілді.

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support