- Advertisement -

Ұлттық валюта долларына 375 теңгеге дейін әлсіреді 

199

- Advertisement -

Таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 375,64 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдыңғы күнгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 372,6 теңге болған еді.

7 қыркүйектегі таңғы сауда-саттықтың бірінші келісімі 375 теңгемен өтті. Бұл минималдық құны болды. Максималдық құны — 376,5 теңге. Сауда көлемі 390,6 миллион доллар болды.

Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 375,5-380,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы Астана уақытымен 10.48-де 76,42 доллар болды.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support