- Advertisement -

Сексен балаға сөмке таратылды

129

- Advertisement -

Оқу жылы
басталған шақта аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасындағы оқушыларды мектеп жабдықтарымен қамтуға ниетті кәсіпкер азаматтардың қадамы қамкөңіл жандарды қуантып отыр. «Мектепке жол» акциясын қолдауда облыстық мешіттің қызметкерлері мен жамағаттары да белсенділік танытуда.

Конституция күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне республикалық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай арнайы келіп қайырымдылық шарасын өткізді. Жиынды облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жәпек сөз сөйлеп ашып, ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігінің және «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық шарасының жалғасын тауып жатқанын айтып өтті. Мұнан соң сөз сөйлеген республикалық «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай жиналғандарды Конституция күнімен құттықтап, шара аясында тараздық 80 балаға сөмкесі жабдығымен тегін берілетінін, облыс бойынша мұндай қайырымдылыққа 400 баланың қол жеткізгенін айтты. Одан бөлек «Уақып» қорының демеушілігімен еліміз бойынша 350 имамға айлық жалақы төленуде. Ауылдық мешіт имамдарының білімін жетілдіруде де аталған қордың ықпалы мол. Кейіннен мешіт жамағаты, ТИГУ-дің профессоры Базарбек Бектұрған сөз сөйлеп, осындай қайырымдылықты ұйымдастырған азаматтарға алғысын білдірді.
Соңыра сөмкелер мен оқу жабдықтары таратылды. Жаңа сөмкеге ие болған балалар мен ата-аналардың қуанышында шек болған жоқ. Олардың арасында 4 баланың анасы Жамал Жораева да бар.
– Алты баланың анасымын. Оқу жылы басталғанда перзенттеріміздің қажеттілігін түгендеу қиынға соғатыны рас. Ал қайырымды жандардың, облыстық мешіт пен «Уақып» қорының қайырымдылығы біздерге үлкен қолдау екені анық. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға шексіз алғыс айтамын, – дейді қала тұрғыны, «Күміс алқа» иегері Анар Төлебаева.

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support