- Advertisement -

«Жаңғырған Жамбылдан – асқақтаған Астанаға!»

209

- Advertisement -

Үстіміздегі жылғы 4-5 тамыз күндері елордадағы «Қазақстан» спорт кешені алаңында облыс ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі осындай атпен өткізілді. Астана қаласының 20 жылдығына орай елордада ұйымдастырылып жатқан айтулы іс-шараға жамбылдық тауар өндірушілер де өзіндік үлестерін қосты.
Жәрмеңкеде астаналық тұтынушыларға жалпы құны 121,6 миллион теңгені құрайтын 365,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Атап айтқанда, оның құрамында 30 тонна жылқы, сиыр, қой, шошқа және тауық еттері, 19 тонна сүт, 5 тонна шұжық, 1,5 тонна кондитер, 2 тонна макарон, 2 тонна кептірілген жеміс және 257,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тоннадан қарақұмық пен күріш, 20 тонна қант, 6 тонна өсімдік майы, 5 тонна балық, 2,5 тонна бал, 5 тонна тұз бар.
Экологиялық тұрғыдан таза, жергілікті жерде өндірілген отандық табиғи азық-түлік өнімдері дәмділігімен, құнарлылығы және сапалылығымен астаналықтар көңілінен шыққаны анық. Содан да болар, екі күн бойына жамбылдық кәсіпкерлердің құрт, ірімшік, қымыз, шұбатына, қызанақ, қияр, қауын, қарбызын сатып алушылардың қарасы қалың болды.
Аталған шара өңір тауар өндірушілерінің өз өнімдерін тұтынушыларына делдалсыз, тікелей өткеруіне мүмкіндік берді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі азық-түлік тауарлары нарықтағыдан 10-20 пайыз арзанға сатылды.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support