- Advertisement -

Әкімнің бірінші орынбасары «үздік ойыншы» атанды

112

- Advertisement -

Астананың 20 жылдығына орай облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен шағын футболдан ардагерлер арасында облыстық жарыс өтті. Бәсекенің жартылай финалында таластықтар Тараз қаласының құрамасынан 2:0 есебімен басым түссе, Шу ауданының құрамасы жамбылдықтардан айласын асырды. Шешуші ойында Талас ауданының құрамасы шулықтарды 4:2 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Үшінші орын Тараз қаласының құрамасына бұйырды. Олар Жамбыл ауданының ардагерлерін ұтты.
Бұл жарыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жарыстың «үздік ойыншысы» атанды. Лесбек Ұзақбаев «үздік қақпашы» деп танылса, Кәрім Кенжебаев «үздік қорғаушыға» берілетін жүлдені иеленді. Асхат Жүнісәлиев әдемі голдарымен ерекшеленіп, жарыстың сұрмергені деген атаққа лайық екенін дәлелдеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және медальдармен марапатталды.

Әшірәлі Кенжеғара,
облыстық Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support