- Advertisement -

Кәсіптік білім берудің сапасы қандай?

80

- Advertisement -

Елбасы ұсынған «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында қазіргі таңда өңіріміз бойынша 26 мыңнан астам азамат кәсіптік білім алуға қол жеткізіп отыр. Сол азаматтардың 6324-і жұмысшы мамандықтарын таңдаған. Студенттерді оқытуға 7 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Алайда колледждердің материалдық-техникалық базасы нашар әрі бүгінгі күннің талабына сай болмағандықтан, мемлекеттік тапсырыспен білім алған жандардың жұмысқа орналасуында да кедергі жоқ емес.
Қоғамдық кеңес Төралқасының Жамбыл ауданында өткен көшпелі отырысы барысында аталған мәселе егжей-тегжейлі қаузалды. Жиынды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібайұлы ашып, жүргізіп отырды. Әуелгі сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова түрлі мамандық бойынша оқуға жіберілген 14 азаматтың бес күн себепсіз оқуға келмегендігін тілге тиек етті. Үміткен Қапанқызының айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында қазіргі таңда аудан бойынша комиссия құрылып, олар әлгінде ғана айтқан себепсіз оқуға келмеуді «әдетке» айналдырған жандармен тікелей жұмыс істеу үстінде.
Басқосу барысында облыстық білім басқармасына қарасты №17 Жамбыл колледжінің жай-күйі де сөз болды. Бұл күні аталған колледжде әртүрлі мамандықтар бойынша 193 студент білім алуда. Колледж директоры Т.Әбдібековтің айтуынша, күнделікті сабаққа қатыспайтындарға шара қолдану нәтижесінде бүгінде темірдей тәртіп орнаған.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support