- Advertisement -

Балғын бояулар табиғатты бейнеледі

98

- Advertisement -

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті қызметкерлерінің қолдауымен №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты балалар суреттерінің байқауы өтті. Балалар қоршаған ортаны қорғауға, таза ұстауға өз үлестерін қосатындықтарын сурет салу, қол өнері, матадан аппликация жасау, ермексазбен бейнелеу, қиылған суреттерді құрастыру, қиылған қағаз бөліктерінен сурет жапсыру, құммен сурет салу жұмыстарымен жеткізді. Байқауға қатысқан балалардың ішінде Темірлан Кеңес сурет салу өнерімен ерекше көзге түсті. Ол осы орталыққа келгенде өздігінен жүріп-тұра алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете білмейтін. Мамандардың жұмыс жүргізулері нәтижесінде өздігінен жүріп, өзіне және өзгеге қызмет көрсете алатын болды.
Облыс бойынша экология департаменті әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ләззат Ермағанбетова және мемлекеттік экология бақылау бөлімінің бас маманы Серік Нұрбаев жүлдегер Темірлан Кеңесті және басқа да балаларды Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Жүлделі орынға ие болған Темірланның шығармашылық жұмысы Астана қаласында өтетін байқауға қатысатынын айтты.
Аталған байқаудан кейін оған қатысқан балалардың біразға дейін көңілдері көтеріліп, есте сақтау қабілеттері шыңдалды. Сондықтан да осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, балаларды қуанышқа бөлей бермек.

Эльмира ҚҰДАСБЕКОВА,
№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну
орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support