- Advertisement -

Тұтастықты ту еткен мемлекетпіз!

110

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Бірлік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен бірліктің, ынтымақ пен берекенің, жақсылық пен жарастықтың мейрамы. Сол үшін де барша қазақстандықтар үшін мәні зор.
Біз тұтастықты ту еткен елміз. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Біздің бәріміздің мақсатымыз бір, ол – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл – біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз», – деген сөзі біртұтас деген сөздің мәнін айқындай түседі.
Бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтқан көп ұлтты Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстармен тату өмір сүруде. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында «Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім Қазақстанның өркендеуінің шешуші шарты болып табылады. Бірлік пен келісімнің негізі – ынтымақшылдық. Бұл – өзара сенім мен өзара жауапкершілік. Халқымыздың қасиетті құндылығы тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз» деп көрсетілген. Біз осы құжатта айқын жазылғандай, өзара сенімді, жауапкершілікті арттыру үшін еңбек етеміз.
Ел игілігі мен тәуелсіздікті нығайту жолында тынымсыз тірлік етіп, Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатын қолдауда Жамбыл жұртшылығы аянбай еңбек ететініне сенеміз.
Құрметті жерлестер!
Отбасыларыңыздың берекесі мен бірлігі, еліміздің ырысы мен ынтымағы арта берсін!

«Нұр Отан» партиясы
облыстық филиалының Саяси кеңесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support