Қазақстанда азық-түлік пен сусын өндірісі өсті
2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 241,1 млрд теңгеге тамақ өнімдерін шығарған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,2% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Екі ай ішінде 34,6 млрд теңгеге ет өнімдері мен консервілері (11,2% өсім), 4 млрд теңгеге балық консервілері (44,1% өсім), 11,4 млрд теңгеге жеміс пен көкөністер консервілері (10% өсім) дайындалған.
Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар 21,5 млрд теңгеге өсімдік майын (21,6% өсім), 38,3 млрд теңгеге сүт өнімдерін (6,7% өсім), 53,1 млрд теңгеге ұн мен крахмал (21,1% өсім), 33 млрд теңгеге нан өнімдерін (15,3% өсім), 8,3 млрд теңгеге жануарларға арналған азық (35,3% өсім) шығарған.
Сусын өндірісі 42,7 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың алғашқы екі айындағы балама көрсеткіштен 10,7% жоғары болған.
Дереккөзі:baq.kz
Comments are closed.