- Advertisement -

Ойын алаңдары қауіпсіз болса…

147

- Advertisement -

Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы, Өңірлік штаб төрағасының орынбасары Әлия Ахметованың басқаруымен аталған штабтың кезекті отырысы өтті. Онда балалар ойын алаңдарына арналған қондырғылардың қауіпсіздігі сөз болды.
Жиында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» облыстық филиалының директоры Асқар Мыңбаев 2016 жылы облысымызда 265 бала, ал өткен жылы 276 бала ойын алаңдарының қауіптілігінен зардап шеккенін айта келіп, Еуразиялық экономикалық одақтың «Балалар ойын алаңдарына арналған қондырғы қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарын түсіндіріп өтті. Кейіннен аталған департаменттің бөлім басшысы Құралай Қырғабақова «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық талаптардан жиналғандарды хабардар етті. Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті басшысының міндетін атқарушы Алексей Мирзоев ойын алаңдары мен аттракциондарды қолданудың қауіпсіз жолдарына тоқталды. Соңында Тараздағы «Қошмамбетов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орталық саябақ директорының орынбасары Айдина Рустамбекова және «Таранов» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Александр Таранов сөз сөйлеп, өз ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Өңірлік штаб мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, шешімдер қабылдады. Жиынды Әлия Аманқұлқызы қорытындылап, айтылған ескертпелерден қорытынды шығарылуы қажеттігін жеткізді.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support