- Advertisement -

Ардагер журналистің құрметіне бильярд турнирі өтеді

189

- Advertisement -

Облысымыздағы ардагер журналист, «Еңбек туы» (қазіргі
«Aq jol») газетін ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Баттал Жаңабаев 90 жасқа толып отыр.

Жамбыл журналистикасы ақсақалының мерейтойына орай «Aq jol», «Знамя труда» газеттерінің редакциялары және облыстық «JAMBYL» телеарнасы Талас ауданы әкімдігінің қолдауымен аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында бильярдтан турнир ұйымдастырады.
Жарыс 17 наурызда, сенбі күні, Тараз қаласындағы «Халил» бильярд клубында (Ы. Сүлейменов және Желтоқсан көшелерінің қиылысы) өтеді. Сол күні сағат 9.30-да тіркелу аяқталып, жеребе тасталады. Турнир олимпиадалық жүйемен өтеді. Яғни жеңілген қатысушы жарыс жолынан шығарылып, жеңіске жеткен ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
Турнирге қалалық және аудандық газет редакцияларынан – бір, облыстық басылымдардан – екі және облыстық телеарнадан үш ойыншы қатыса алады. Ал республикалық бұқаралық ақпарат құралдарынан бір-бір өкілден қатысуына мүмкіндігі бар.

Ұйымдастыру комитеті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support