- Advertisement -

Бес бастама жетістікке жетелейді

164

- Advertisement -

Елбасы Н.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі жамбылдық жастар тарапынан қызу қолдау табуда. Бұл құжаттың жұртқа берері көп. Олар қалай, қашан жүзеге асырылады? «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері тұрғындарға осыны жеткізу үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстарды бастап кетті. Олар Тараз қаласындағы халық ең көп жиналатын ірі сауда нысандарында, оқу орындарында Елбасы Үндеуін қолдауға арналған парақшаларды таратып, түсіндіруде. Шара аудандарда да жалғасуда.
Осындай басқосудың бірі Тараз қаласындағы «Small» сауда орталығында өтті. Онда партияның облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Бақкелді Тұрсынбек сөз сөйлеп, Елбасы Үндеуінің маңыздылығына тоқталып, жастарды бұл бастамаларды жүзеге асыруға қызу қолдау көрсетуге шақырды. «Қайқармет» базары мен «Дәмдес» сауда орталығының алдында да ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support